«Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»
12
февраль
2018

«Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

Апталықтың жоспарына сәйкес 2018 жылдың 2-12 ақпан аралығында мектеп бойынша «Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталық өткізілді. Апталық тізіліспен ашылды. Тізілісте оқушылар«Бөбек» қайырымдылық қорының президенті, «Өзін-өзі тану» оқулығының авторы С.А.Назарбаеваның өмір мен шығармашылығына тоқталды. Апталық аясында мектеп кітапханасында «Өзін – өзі тану» пәнінің авторы С.А. Назарбаеваға арналған « Мейірім төгетін ана» атты кітаптар көрмесіұйымдастырылды. 1-10 сынып оқушылары арасында «Анаға сыйлық» тақырыбымен суреттер және қолөнер көрмесі өтті. Нәтижесінде: барлық сыныптар белсене қатысқаны үшін мадақтамалармен марапатталды және сурет бойынша І орынды 3 сынып оқушысы Бибосинова Ж, ІІ орынды 4 сынып оқушысы Боярова А және 3 сынып оқушысы Кожахметова А, ІІІ орынды 4 сынып оқушысы Умербекова К. ие болды.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі Т.Б.Уасилов пен машықкер Ж.Д.Абдиловтың ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылары арасында қысқы көңілді жарыстар сайысын өткізді. Қайырымдылық пен ізгі ниетке арнап Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та «Тәуелсіздікті баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз»- деп айтқан сөзін басшылыққа ала отырып «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырдық. Мектеп ұжымы демеушілігімен көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға арнап мерекелік дастарқан жайылып, дастархан басында ән жарыстырып, түрлі ойындар ойнап көңілді отырды. Сонымен қатар жекелеген ұстаздардың киім-кешекпен көрсеткен көмектері болды.

8 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінен 7 сыныпта «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

9 ақпан күні өзін-өзі тану мұғалімі Б.Н.Байсадыкованың ұйымдастыруымен

1-4 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Бәріде махаббаттан басталады» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара өте тартымды, әрі қызықты өтті.

10 ақпан күні музыка пәні мұғалімі С.А.Жуматаеваның ұйымдастыруымен

1-10 сынып оқушылары арасында «Ән көңілдің ажары» атты ән фестивалі өтті.

Апталықтың нәтижелері қорытындыланып, белсенді оқушылар мадақтамамен марапатталды.