«Қарасу орта мектебі» КММ-сі бойынша 2017 жылдың 20-29 қараша аралығында өткен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты республикалық іс-шараның қорытындысы туралы
Жарма ауданы Білім басқармасынан келген «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты республикалық іс-шара аталып өткізілді. Осыған орай мектебімізде аталған іс-шараның жоспары құрылды.
Қазақ тілі мұғалімдері «Біз әлемді өзгертеміз», «Зорлықсыз әлемді қалай құруға болады?» деген тақырыптарда 5-10 сынып оқушылары арасында эссе жазудан сайыс ұйымдастырды.
Сурет пәні мұғалімі 2-6 сынып оқушылары арасында «Әр қашан күн сөнбесін!», «Мейірімділік бала көзімен» атты суреттер көрмесін өткізді.
5-9 сынып қыздары арасында «Салауатты өмір салтын қолдау» тақырыбымен денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу өтті.
7-10 сынып оқушылары арасында «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша ауыл инспекторымен кездесу өтті.
2-10 сыныптарда «Балаларды ренжітпеу, кемсітпеу», «Балалық шақты қорғау» тақырыбында сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізді.
7-10 сыныптардан мектеп психологі «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ!» атты сауалнамалар алды. Қорытындысы оқушыларға анонимді түрде берілді. Сонымен қатар ұстаздар арасында «Мен зорлық –зомбылыққа қарсымын!» атты тренинг өткізді.