наурыз » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
апрель
2017

наурыз

«Қарасу орта мектебі» КММ-сі  бойынша 17, 20 наурыз күндері Наурыз мерекесі тойланды. Шағын орталық тәрбиешісі Батырбаева А.М. өткізген «Наурыз – жыл басы» мерекесіне Көктем ару келіп, балалар «Қарлығаш», «Домбыра» билерін  тарту етті. «Қол күрес», «Қыз қуу» ойындарын ойнату арқылы ұлттық ойындар насихатталды. Мектепалды даярлық сыныбында «Наурызым – жаңа күнім» мерекесін Тоқтабаева Г.С. ұйымдастырды. Балалар Наурыз мерекесі туралы өлең шумақтарын жатқа айтып, Мұратқан Ақбота «Қамажай» биін нақышына келтіре орындаса, оқушылар тобының «Қара жорға» биі мереке қызығын арттыра түсті. Балалар ата-аналардың жайған дастарханынан дәм татып, наурыз көже ішіп, мерекеге келген Қыдыр атаның батасын алды. 

1-11сыныптар бойынша «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік концертке Елькенова А.Р., Ахмолдина Б.Т., Бокпасарова А.А. жауапты болды. Мерекенің шымылдығы 2,6 сынып қыздары орындауындағы «Гүлдерайым» биімен ашылды. Тойға шашу шашылып, Қыдыр бабаның көпшілікке берген ақ батасы көрінісімен жалғасты. «Қыс пен жаз» көрінісі қойылды. Оқушылардың дәстүрді дәріптейтін ән, би шашулары  той сәнін келтірді. Ұлттық киім киіп, көрерменге мерекелік ән, би тарту еткен оқушылар соңынан әр сыныпқа жайылған дастархан басына жайғасты. Наурыз мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне әр сыныптың ата-аналары белсенділік таныта білді, бұл  мектеп пен ата-ана байланысының айқын көрінісін көрсетті.