«Қарасу орта мектебі» КММ-сі 2017-2018 оқу жылының 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында өткен қамқорлық айлығы туралы » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Қарасу орта мектебі» КММ-сі 2017-2018 оқу жылының 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында өткен қамқорлық айлығы туралы
12
февраль
2018

«Қарасу орта мектебі» КММ-сі 2017-2018 оқу жылының 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында өткен қамқорлық айлығы туралы

Қарасу орта мектебінде 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясын өткізу іс-шараларының жоспары жасалып, мектебіміздің педагогикалық ұжымының жиынында  бір күндік еңбекақыларын аударумен жалғасты. «Қамқорлық» акциясы кезінде мөлтек аудандарға жауапты мұғалімдер әрбір үйді аралап, келген-кеткен отбасыларын анықтап шықты. Білім алушылардың күнделікті мектепке келуі мектеп әкімшілігі тарапынан бақыланып отырады, қорытындысы директор жанындағы отырыста қаралды. Қарасу ауылдық округі бойынша 0-18 жас аралығындағы балалар саны -151. Кіші орталық, даярлық топ жұмысын жасап жатыр. Оралман отбасының балалары түгелдей мектепке келіп отыр, олармен істелетін жұмыс жоспары жасақталды, қазақ және орыс тілдерін меңгерту мақсатында қосымша жұмыстар жасайды.  Мектеп бойынша аз қамтылған  отбасыларын анықтау үшін комиссия құрылып, күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға жалпыға бірдей міндетті қордан материалдық көмек көрсетілді.  2017-2018 оқу жылы бойынша  10 оқушы  материалдық көмек алды. Мектепте 40 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр, оның 1-еуі ата-анасының қамқорынсыз қалған оқушы. Ауыл азаматтары  ыстық тамаққа етпен демеушілік көрсетуде. Қайырымдылық пен ізгі ниетке арнап «Жүректен-жүрекке» акциясы ұйымдастырылып, мектеп ұстаздары  көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларының балаларына  дастархан жайып, соны мерекелік концертпен аяқталды. Сонымен қатар жекелеген ұстаздардың киім-кешекпен көрсеткен көмектері де болды.

«Қарасу орта мектебі» КММ-сі 2017-2018 оқу жылының 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында өткен қамқорлық айлығы туралы