«Қарасу орта мектебі» КММ-сі бойынша 2018 жылдың 10 ақпан -10 наурыз аралығында өткізілген «Өмірге Иә деп айт!» республикалық науқанның қорытындысы туралы » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Қарасу орта мектебі» КММ-сі бойынша 2018 жылдың 10 ақпан -10 наурыз аралығында өткізілген «Өмірге Иә деп айт!» республикалық науқанның қорытындысы туралы
10
март
2018

«Қарасу орта мектебі» КММ-сі бойынша 2018 жылдың 10 ақпан -10 наурыз аралығында өткізілген «Өмірге Иә деп айт!» республикалық науқанның қорытындысы туралы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2018 жылдың 10 ақпан – 10 наурыз аралығында «Өмірге Иә деп айт!» республикалық ақпараттық науқан өткізілді. Республикалық науқан барысында, баланың оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару мақсатында мектепте арнайы берілген жоспар бойынша іс – шаралар ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес ата – аналар жиналысы, тренингтер, профилактикалық алдын – алу жұмыстары, сурет көрмелері ұйымдастырылды.

9 ақпан күні мектепішілік тізілісте республикалық науқан туралы мәлімет айтылып, жоспармен таныстырылды. Жоспарға сәйкес тапсырмалар берілді.

12 ақпан күні «Өмір қандай тамаша!» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларға суреттің тақырыбын мектеп психологі М.А.Абылгазина түсіндірді. Мектеп психологінің мақсаты суретке қарап оқушылардың өмірге құштарлығын, бояулардың түсіне қарап көңіл-күйін анықтау болды. Әсіресе көктем айында кейбір адамдар күйзеліске түседі, мектеп оқушылары өмірдің қаншалықты тамаша екенін, қаншалықты түсінетіндері анықталды. Бастауыш сыныптар өмірдің тамашасын табиғатпен теңестірген. Әр түрлі түсті қолдана білген. Қара түспен суретті бояған оқушы анықталған жоқ. Ең әдемі салынған суреттер 1-ші, 2-ші, 3-ші орындармен марапаттталды.

13ақпан күні ата-аналарға, оқушыларға психологиялық кеңес берілді. Келген ата-аналар мен оқушылар кеңес журналына тіркеліп отырды.

14 ақпан күні Психологиялық көмек көрсету мақсатында ақпараттық парақшалар таратылды. Арнайы парақшаларда ата-аналарға кеңес берілді.

15 ақпан күні «Рахмет саған ана!» тақырыбына шығарма жазылды. Ең әдемі, мазмұнды жазылхан шығармалар марапатталды.

19 ақпан күні «Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Қазіргі заманға сай оқушылар интернетті көп пайдаланады, әр түрлі ойындар ойнатылады. Интернеттін пайдалы және пайдасыз жақтары айтылды. Оны қалай тиімді пайдалану керектігі айтылды. Жиналысты ДТІЖО Г.Е.Тусупжанова, мектеп психологі М.А.Абылгазина және сынып жетекшілер баяндамаларын оқыды.

23 ақпан күні 8-10 сынып жетекшілері, мектеп психологі М.А.Абылгазина «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!» атты дөңгелек үстел өткізді.

27 ақпан күні сыныптарға мектеп психологі психологиялық ойындар жүргізді. «Найди похожую звездочку», «Портрет лидера», «Стрела жизни», «Млечный путь» психологиялық ойындар жүргізілді.

5 наурыз күні «Қорғаулы балалық шақ» сурет көрмесін технология пән мұғалімі Е.К.Абдулин және сынып жетекшілер ұйымдастырды. Сурет сабағында осы тақырыпқа салған суреттерін оқушылар қорғады.