«Қарасу орта мектебі» КММ-сі бойынша 2017 жылдың 27-30 қараша аралығында өткен Ауданымыздың «Құрметті азаматы» Н.Өзбековке арналған «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» атты апталықтың қорытындысы туралы » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Қарасу орта мектебі» КММ-сі бойынша 2017 жылдың 27-30 қараша аралығында өткен Ауданымыздың «Құрметті азаматы» Н.Өзбековке арналған «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» атты апталықтың қорытындысы туралы
30
ноябрь
2017

«Қарасу орта мектебі» КММ-сі бойынша 2017 жылдың 27-30 қараша аралығында өткен Ауданымыздың «Құрметті азаматы» Н.Өзбековке арналған «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» атты апталықтың қорытындысы туралы

 

Жарма ауданы Білім басқармасынан келген тапсырмасы бойынша 2017 жылдың 27-30 қараша аралығанда ауданымыздың «Құрметті азаматы» Н.Өзбековке арналған «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» атты апталықтың іс-шара жоспары құрылды.

Жоспарға сәйкес апталықтың ашылуы тізіліс түрінде өтті. Тізілісте Н.Өзбеков туралы ақпарат беріліп, апталықтың жоспарымен таныстырылды.

28 қараша күні қазақ тілі пәні мұғалімі А.Е.Турдинаның ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында «Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы» атты мәнерлеп өлең оқудан сайыс өтті. Нәтижесінде І орынды 4 сынып оқушысы Батырхан Акежан, ІІ орынды 3 сынып оқушысы Тоқтаров Ералы, ІІІ орынды 4 сынып оқушысы Фархадов Әкежан иеленді.

29 қараша күні 5-10 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» атты шығармалар сайысы өтті. Ең үздік шығарма жазған оқушылар мадақтамалармен марапатталды.

30 қараша күні қазақ тілі пәні мұғалімі А.М.Кныбаеваның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары арасында «Асулардан асу» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Нәтижесінде І орынды 9 сынып, ІІ орынды 8 сынып оқушылары иеленді.