«Қарасу орта мектебі» КММ-сі 2017-2018 оқу жылы бойынша «1 желтоқсан-Тұңғыш Президент» күніне орай өткен іс-шаралар туралы » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Қарасу орта мектебі» КММ-сі 2017-2018 оқу жылы бойынша «1 желтоқсан-Тұңғыш Президент» күніне орай өткен іс-шаралар туралы
04
декабрь
2017

«Қарасу орта мектебі» КММ-сі 2017-2018 оқу жылы бойынша «1 желтоқсан-Тұңғыш Президент» күніне орай өткен іс-шаралар туралы

Қарасу орта мектебі бойынша «Тұңғыш Президент күнін» мерекелеуге арналған апталықтың жоспары құрылып, іс-шаралар жүзеге асырылды. Апталық «Елбасы күні-елдікке құрмет мерекесі» атты тізіліспен ашылды. Тізілісте мектебіміздің үздік оқушылары «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды.

2-5 сынып оқушылары арасында сурет пәні мұғалімі Е.К.Абдулиннің ұйымдастыруымен «Қазағымның мақтанышы» атты суреттер сайысы өтті. Нәтижесінде барлық сыныптар белсене қатысқаны үшін мадақтамалармен марапатталды.

1-4 сыныптар арасында мектеп кітапханашысы Ұ.Б.Калиеваның ұйымдастыруымен «Қазақтың Тұңғыш Президенті» атты слайдтар сайысы өтті. Нәтижесінде І орынды 1 сынып оқушысы Өрлеуұлы Нұржанат, ІІ орынды 2 сынып оқушылары Абушахман Дидар мен Турдина Карина иеленді.

1-10 сынып оқушылары арасында музыка пәні мұғалімі С.А.Жуматаеваның ұйымдастыруымен «Елбасы сүйген әндер» атты қазақ әндерінің байқауы өтті. Нәтижесінде «Гран-При» жүлдесін 7 сынып оқушысы Төлахмет Аймара, І орынды 8 сынып оқушысы Бибосинова Диана, ІІ орынды 5 сынып оқушысы Кожахметова Алуа, ІІІ орынды 5 сынып оқушысы Тунгатбаев Дастан иеленді. Қалған оқушылар белсене қатысқаны үшін марапатталды.

1-4 сыныптарда «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы», 5-8 сыныптарда «Тұңғыш Президент күні-тарихи маңызы зор мереке», 9-10 сыныптарда «Ел еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

5-8 сыныптарда дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тәні саудың- жаны сау» ұранымен спорттық жарыстар, яғни тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, теннистен жарыстар өтті.