«1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне» орай өткен іс-шаралар туралы » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне» орай өткен іс-шаралар туралы
03
декабрь
2018

«1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне» орай өткен іс-шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мектеп кітапханасында «Әлем таныған тұлға» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасының әр жылдарда жазған еңбектері, нағыз қажыр-қайрат иесі, Ғасыр адамы Н.Ә.Назарбаев  туралы жазылған кітаптар қойылып, көпшілік қауымға таныстырылды. 7-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік және Елбасы» тақырыбымен мәнерлеп оқу байқауы өтті. Оқушылар Елбасыға арнау өлеңдермен қоса Отан,  Тәуелсіздік тақырыбында ақындар өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарысты. Қорытындысында7 сынып оқушысы Мустафин Дарын І орынды, 10 сынып оқушылары Рахимжанова Маржан,Сайленова Аяулым  ІІ,ІІІ орындарды иеленді. 1-11 сыныптар «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында альбомдар дайындады. 1-11 сыныптарда Тұңғыш Президентке арналған тәрбие сағаттары өткізілді. «Елбасы күні – елдікке құрмет мерекесі» атты салтанатты тізіліс өткізілді. Тізілісте оқушылар қазақ елінің маңдайына біткен дара тұлға , ұлт көшбасшысы , Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына тоқталып, Елбасыға арналған өлеңдер оқыды.