7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай атқарылған іс-шаралар туралы » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай атқарылған іс-шаралар туралы
10
май
2019

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай атқарылған іс-шаралар туралы

Мектеп бойынша 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай іс-шаралар жоспары құрылды. Мектеп дәлізі, мектеп алды мерекеге сай безендірілді.  7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 7-11 сынып оқушылары арасында «Алау» ойыны өткізілді. Мектеп бойынша Ә.Молдағұлованы еске алу күніне орай 6-11 сынып қыздары арасында дәстүрлі «Мерген ару - 2019» сайысы өткізіліп, 9 сынып оқушысы Д.Бибосинова кубок иегері атанды. 1-11 сыныптарда «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» тақырыбында ерлік сабақтары өткізілді. 5-10 сынып оқушылары арасында өткен «Жеңіске рух берген әндер» әскери әндер байқауында 7 сынып «День победы» әнімен І орынды, 8 сынып «Катюша» әнімен ІІ орынды, 10 сынып «Болмасын соғыс» әнімен ІІІ орынды иеленді. 9-11 сынып оқушылары Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткіш маңын тазартып,   аббаттандыру жұмыстарын жүргізді. 6-8 сынып оқушылары тыл ардагерлері Т.Кисиков, Л.Пшикова, Р.Пипченколарды мерекелік ашық хатпен құттықтады.
Ұлы Жеңіс күніне орай «Қаһарман ұлт» шеруі, «Ардагерлерге бас иіп, тағзым етеміз» атты мерекелік жиын өткізілді.