1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар туралы » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар туралы
02
май
2019

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар туралы

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мектеп ауласы мерекелік жалаулармен безендірілді. 5-10сыныптар «Қазақстан – бейбітшілік мекені» тақырыбында плакаттар шығарды. 1-11 сыныптарда мерекеге орай тәрбие сағаттары өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымы «Достық әнін шырқайық» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерт барысында әр ұлттың биі биленіп, мерекелік әндер шырқалды. 10 сынып оқушысы А.Сайленова мерекеге арнап шығарған жүрекжарды өлеңін оқыды. 
Қазақстан – бейбітшілік мекені
Қазақстан – бейбітшілік мекені,
Белгілі ғой ынтымақты екені.
Бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен
Мәселенің бәрін де ортақ шешкен.
Елім менің кең пейілді халқы бар,
Жерім менің киелі өнер, салты бар.
130-дай ұлт пен ұлыс тұратын,
Кеңпейілді кәрі, жасы, қарты бар.
Шаңырақ бір, ел де бір, бір тағдыр да
Келешекке еңбекпен жол салдыр да.
Жетістікке осылай көп жетейік,
Өткен күнге естелік, із қалдыр да.
Бірлік деген – тіршіліктің тірегі,
Бірлік деген – әз халқымның тілегі.
Ынтымақта өмір сүрген ғанибет,
Бірлік деген – егемендік жүрегі.
Бейбіт заман, бейбіт өмір тамаша,
Жаңалыққа толы өлкем жаңаша.
Бауырмалдық – қандай жақсы қасиет,
Шын ниетпен мәз боласың балаша.
Қазақстан – бейбітшілік ошағы,
Бірлік оның айырылмас қосағы.
Бағаласақ осы бақты қазірден,
Елімізді талай жеңіс тосады.