Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне байланысты » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне байланысты
21
март
2018

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне байланысты

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін өткізу бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Мектеп бойынша 19-20 наурыз күндері Наурыз мерекесі тойланды. Шағын орталық тәрбиешісі Батырбаева А.М. өткізген Наурыз мерекесіне Көктем ару келіп, балалар «Құстар шеруі», «Домбыра» билерін тарту етті. «Қол күрес», «Қыз қуу» ойындарын ойнату арқылы ұлттық ойындар насихатталды. Мектепалды даярлық сыныбында «Армысың, әз Наурыз!» мерекесін Тоқтабаева Г.С. ұйымдастырды. Балалар Наурыз мерекесі туралы өлең шумақтарын жатқа айтып, Бауыржанқызы Інжу «Аққу» биін нақышына келтіре орындаса, оқушылар тобының «Қара жорға» биі мереке қызығын арттыра түсті. Балалар ата-аналардың жайған дастарханынан дәм татып, наурыз көже ішіп, мерекеге келген Қыдыр атаның батасын алды.

1-10 сыныптар бойынша «Наурыз айы келгенде....» атты мерекелік іс-шара «Аластау» рәсімімен басталып, Қыдыр бабаның ұландарға берген ақ батасы көрінісімен жалғасты. Оқушылардың дәстүрді дәріптейтін ән, би шашулары той сәнін келтірді. Наурыз мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне әр сыныптың ата-аналары белсенділік таныта білді, бұл мектеп пен ата-ана байланысының айқын көрінісін көрсетті. Ұстаздар тарапынан наурыз көже әзірленіп, көпшілікке тарту етілді. Ата-аналар тарапынан мерекеге сай үлкен дастархан жайылды.
 

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне байланысты

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне байланысты

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне байланысты