2018-2019 оқу жылының аяқталуына орай өткізілген «Соңғы қоңырау» мерекесі туралы » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2018-2019 оқу жылының аяқталуына орай өткізілген «Соңғы қоңырау» мерекесі туралы
25
май
2019

2018-2019 оқу жылының аяқталуына орай өткізілген «Соңғы қоңырау» мерекесі туралы

    Мектеп сахнасы безендіріліп, мерекеге тыл еңбеккері, ардагер ұстаздар, Қарасу ауылдық округінің бас маманы Б.Ошай арнайы шақырылды. Сонымен қатар Шар қаласы ауруханасының бас дәрігері А.Б.Қарсақбаев, осыдан 5 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер де  арнайы қонақтар қатарында болды. Мектеп оқушылары салтанатты жиынға сапқа тұрғызылып, мектептің 51-інші түлектері ортаға шақырылды. Оқушылар Мемлекеттік ту астына сап түзеп, әнұран шырқалды. Мектеп директоры А.Кныбаев барша қауымды «Соңғы қоңырау» мерекесімен мерекесімен құттықтап, түлектерге алдағы үлкен сын ҰБТ-ға сәттілік тіледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Керейбаева оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстырып, оқу озаттары, жетістікке жеткен ұстаздар марапатталды. Келесі кезекте қонақтар сөз алып, жүрекжарды тілектерін білдірді. 1 сынып бүлдіршіндері түлектерге өлең жолдарын арнады. Өз кезегінде мектеп түлектері мектебіне, ұстаздар қауымына алғыстарын айтты. Білімнің «Алтын кілтін» мектеп бітіруші түлек, Рахимжанова Ақмарал 10 сынып оқушысы «Алтын белгі» үміткері Рахимжанова Маржанға  тапсырды. Мектепті 5 жыл бұрын бітірген мектеп түлектері атынан А. Нагирова сыныптастар сәлемін жеткізді. Мектеп түлектеріне «Мектеп түлектерінің кеңесі» жұмысы туралы айтып өтті. Кезек 2018-2019 оқу жылының түлектерін «Мектеп түлектерінің кеңесі» қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсіміне берілді.
Мектеп түлектері ант қабылдап, А. Нагирова «Мектеп түлектерінің кеңесі» билетін табыстады. Соңғы қоңырау соғу салтанаты мектеп спортшысы, 11 сынып оқушысы Манапбек Нурсултан  мен 1 сыныптың үздік оқушысы Бикенова Назеркеге   берілді. Түлектер аспанға көгершін ұшырып, ата-аналары шашу шашып түлектерге ақ жол тіледі. Мемлекеттік ту шығарылып, кезек естелік суретке түсу рәсіміне берілді.