1- қыркүйек Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» мерекесі » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1- қыркүйек Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» мерекесі
02
сентябрь
2019

1- қыркүйек Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» мерекесі

Мектеп бойынша дәстүрлі 1-қыркүйек Білім күні мерекесі «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында өткізілді. Мерекеге ардагер ұстаздар М.М.Мусина, Г.Т.Толымгожинова, Р.М.Мусина, тыл ардагері Т.Кисиков, Қарасу ауылдық округі әкімі міндетін атқарушы А.Е.Тюлежанов арнайы шақырылды. Алғаш сөз алған мектеп директоры А.Кныбаев ұстаздар қауымын, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білімнің адам өміріндегі маңыздылығына тоқталды. Көк байрақты қазақ елінің 2019-2020 оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндері жүрекжарды өлеңдерін арнады. Өз кезегінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Керейбаева оқу жылындағы атаулы күндерге шолу жасап,  2018-2019 оқу жылы қорытындысы бойынша мемлекеттік грант иегерлері атанған 9,11 сынып оқушыларымен таныстырып өтті. Алғашқы қоңырау соғу құрметі 1 сынып оқушылары М.Мұратқан мен А.Толеукановаға берілді. 
2 қыркүйек 1-11 сыныптарда «Саналы ұрпақ жарқын болашақ» патриоттық сабақтар ұйымдастырылды. Білімді, саналы ұрпақ ел ертеңі екеніне  баса назар аударылды. Оқушыларға елдің даму бағыты туралы ақпараттар берілді.