Жаңа жыл мерекесіне орай өткен іс-шаралар туралы » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа жыл мерекесіне орай өткен іс-шаралар туралы
28
декабрь
2018

Жаңа жыл мерекесіне орай өткен іс-шаралар туралы

 «Қарасу орта мектебі» КММ-сі бойынша Жаңа жыл мекесіне орай іс-шаралар жоспары құрылды. Шағын орталық тәрбиеленушілері қатысуымен «Қош келдің, Жаңа жыл!» ертеңгілігі ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара ата-аналардың ертегі кейіпкерлері рөлін сомдауымен ерекшеленді. Мектептің мектепалды даярлық, 1-4 сыныптары оқушылары «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» мерекесіне жоғары деңгейде дайындалды. 1 сыныптар «Көңілді күн» әніне әсем биін билеп, 3 сыныптар клоундар биімен көрермендер көңілінен шықты. Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушісі Төлеуханова Арай тамаша ән шашуымен, 4 сынып қыздары «Қуыршақ» биімен көрерменді қуантты. «Таңғажайып Жаңа жыл» мерекесіне  5-11 сыныптар «Дартаньян және үш ноян», «Египет құдайлары», «Ковбой», «Абориген», «Үндістер», «Папуастар» костюмдерімен келіп, тамаша билерін биледі. 7 сыныптың «Аяз ата мен Ақшақар» көрінісі көпшілік көңілінен шықты. 6,9,11 сынып жетекшілерінің оқушыларымен шырқаған Жаңа жылдық әндері мереке көркін аша түсті. Жаңа жылдық ойындар оқушылар танымын арттыруға бағытталды. Мектептің аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасынан шыққан оқушыларына ЖБМББ қорынан Жаңа жылдық сыйлықтар берілді. 


 

Похожие публикации:

03 апрель 2017 Наурыз
03 апрель 2017 наурыз