"Қош келдің, Жаңа жыл! » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Қош келдің, Жаңа жыл!
30
декабрь
2017

"Қош келдің, Жаңа жыл!

Мектеп бойынша шағын орталық тәрбиеленушілері қатысуымен «Қош келдің, Жаңа жыл!» ертеңгілігі өткізілді. Мерекеге ата-аналар белсене араласып ертегі кейіпкерлерін сомдады. Кішкентай бүлдіршіндердің «Ақшақар» биі көпшілік көңілінен шықты. Мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушылары «Қош келдің, Жаңа жыл!» атауымен өткен мерекеде ертегілер еліне саяхат жасады. Мерекеде даярлық «Аққала», 1 сынып «Иттер», 2 сынып «Пингвиндер», 3 сынып «Сығандар», 4 сынып «Қарақшылар» атты костюмдер киіп, костюмдер бойынша билері биленіп, «Ертегілер әлемі», «Жаңа жыл» әндері шырқалды.

5-10 сынып оқушыларына арналған «Жаңа жылға саяхат!» атты кеште 5 сынып «Шығыс елі», 6 сынып «Мысықтар», 7 сынып «Қарақшылар», 8 сынып «Сығандар», 9 сынып «Үнділер», 10 сынып «Сайқымазақтар» болып киініп, оқушылар топтық би билеп, 5,6 сынып оқушыларының көрсеткен қойылымдары көрермен көңілінен шықты. Мерекелік әндер шырқап, ұтыс ойындары ойнатылды. 5-10 сынып оқушылары қатысуымен флэшмоб, 9 сынып оқушылары қатысуымен «Үнді» билері көпшілікке тарту етілді.

"Қош келдің, Жаңа жыл!

 

"Қош келдің, Жаңа жыл!

 

"Қош келдің, Жаңа жыл!