Ана – өмірдің гүлі » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
апрель
2017

Ана – өмірдің гүлі

Бастауыш сынып мұғалімі Ахмолдина Бауша Турусбековна

Тақырыбы: Ана – өмірдің гүлі

Сабақтың мақсаты: ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекесімен құттықтау. Оқушыларды Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп,сыйлауға тәрбиелеу . 

Сабақтың көрнектілігі:нақыл сөздер,мақал – мәтелдер.

Сабақтың барысы: 

Құрметті  ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Көктемнің алғашқы мерекесі  жүректерге жылу дарытқан, аяулы , ардақты, қамқоршы аналарымыздың мерексі де келіп қалды.Сіздерді халықаралық әйелдер күнімен құтттықтаймыз! Бастарыңызға амандық,  денсаулық тілей отыра, отбастарыңызда қуаныш , жақсылық болсын! Сіздерге арналған  «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: 

О, Ана, абзал Ана, асылдарым!

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

Ана кім?( Тірек сызбамен жұмыс)

Ералы: Ана дегеніміз өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ана тіршіліктің көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. 

Назерке:Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке шақырады. 

Ерсайын:Ана- әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам. 

Наргиз:Ана сұлулықты, жарасымдылықты, көріктілікті, барша игілікті бойына сіңірген тұлға.

Алинұр: Ана десе әр баланың тілегі ақ, мейірімі ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.

                             

 

Альмади: Сен дүниеге келдің, сені дүниеге әкелген бір жан бар. Ол кім?  Ол- анаң. 

Ержан: Шырылдап жерге түскеннен-ақ, сенің ең бір жақының,ең бір досың,ең бір ұстазың бар. Ол кім?  Ол- анаң.

Ералы: Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып, бауырына жабысып, шырылдап іздейтін бір жан бар. Ол-  ана.

Бекежан: Мен үшін бәрінен қымбат бір жан бар. Ол – ана. 

Бекжан: Мен үшін мынау жалпақ дүниеден де үлкен бір жан бар. Ол – ана. 

Нұрлықыз:Мен үшін ең ардақты, ең қымбат адам, жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға- ана.

Наргиз:  Өзі салмақты, өзі байсалды, отбасын сақтаушы, қорғаушы– ана.

Назерке:  Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бауырына басып, мен үшін жанұшыра шырылдайтын,  әрқашан дұрыс,  таза жүр, адал бол деп тілейтін - ана.

Ерсайын:  Ана- бізді дүниеге әкелген адам, «Ана» ең қастерлі, ең аяулы сөз. 

Альмади:  Ана деген сөздің өзі ыстық. Ананың жолы басқа. 

Наргиз:  Ана баласын бағып асырайды, қамқоршы, жақсы қөріп еркелетеді. Бойымыздағы жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. 

Бекжан:

 Құтты болсын ардақты ана,

Асыл анам, мерекең.

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты берекең.  

Ералы:  

Бал бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам!

Аялайтын біздерді

Көп жасасын ақ мамам.  

Назерке:

Алақаны - ақ самал,

Мәпелеген жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа.  

Алинұр:

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтайтын,

Аман болшы анашым.  

«Мен анамды қаншалықты білемін?» балаларға сұрақ қою:

1. Анаң қандай түсті киімді ұнатады?

2. Жақсы көретін тағамы

3. Ұнататын гүлі қандай?

4. Бос кезде немен шұғылданады?

5. Ұнатпайтын ісі қандай?

Би орындалады.

«Мереке күніңмен, Асыл әже» әндері орындалады.

Наргиз:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

Өміріме нәр берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың,

Мен өзіңмен қайда болса біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

Альмади:

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз. 

Ерсайын:  

Өмірді ащы,тұщы аралаған,

Сондықтан анам ойы дара маған.

Жайқалып, жауқазындай өсіп келем,

Өсірген жеткізіп панам, анам.

Мен сенен қуат алам, жалын да алам,

Күн болып көңілімді күйге бөлеп.

Арнадың өміріңнің бәрін маған.

Бекжан:

Өзіңсің, сүйікті анам, құдіретім,

Жанымды жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген мол мейірді,

Нұр толы қос жанарың білдіретін.

Ержан:

Өзіңсің өмірдегі асылым да,ардағым.

Бір өзіңе ақтарып сыр,жыр арнадым.

Анашым, айтарым көп тіл жетпейді, 

Бір сендей асыл адам таба алмадым.

Нұрлықыз:  

Бәрі де ана бір өзіңнен басталды,

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба?

Өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба?

Өзің жоқ деп жас тамды,

Бәрі де ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды,

Еркелесем бір өзіңе еркелеп.

Жасқандым ба?

Тек өзіңнен жасқандым

Ералы: 

Анадан жаралған ғой дара біткен,

Биіктен өз баласын ана күткен.

Біздерді кешір ана түсінбесек,

Еркелеп сәби жастық балалықпен.

Ана туралы мақал –мәтел жарысы.

Топтық би арындалады.

Қорытынды:

Анамыздай аялаған, баптаған,

Ұстаздарым ізгілікке бастаған.

Аяулы да, ардақты апайларға,

2- сынып оқушыларынан мың алғыс!