Жаңа технология » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2017

Жаңа технология

Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.
Жұмыстың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.

Жұмыстың міндеті: Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру. Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.

Кіріспе
Білім – қоғамды әлеуметтік - мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болсын өсіп - өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән - мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «... Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деп атап көрсетілген[1]. Осы тұрғыда ұлттық бiлiм беру жүйесiн модернизациялау жағдайында шетелдiк озық тәжiрибелердi пайдалану мүмкiндiктерiн бағалау, ұлттық дәстүр мен ерекшелiктердi ескеру, бiлiм мазмұнын жаңарту, бiлiм беру жүйесiн басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа жолдарын iздестiру секiлдi өзектi жайттар ерекше маңызға ие болып отыр
Бір сөзбен айтқанда әр ұстаз – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан - жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез - келген ортаның ұйытқысы болу керек.
Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы «конструктивті» теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан - жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Демек, оқытушы мен студенттің арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз. Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс - тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.
Соның ішінде Кембридж университетінің ұстаздары ұсынған оқытудың жеті модулін айтуға болады.
.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлау
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.


негізгі бөлім
Заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді педагогикалық технологияларын қолдану - бұл әр баланың жүрегіндегі сезім - талшықтарын, қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын жетілдіру. Баланың тапқан жаңалығын сыртқа шығару, талдау. Қай технологияны сабақта қолдансаң да, осы тұжырымды басшылыққа алу керек. Сонда ғана оқушылардың білім сапасын арттыруға қол жеткізуге болады.
Инновациялық технология - бұл өзіңіздің әдістемелік жүйеңіз. Яғни, әр мұғалімнің оқыту технологиясы бойынша жылдар бойы жинақтаған іс - тәжірибесінің нәтижесі.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. 7 модульді қолдана отырып , сабақ өткізу әдісімде оқушылардың таным қабілетіне баса назар аудардым. Себебі «оқу бар және сонымен қатар оқуды үйрету де бар» [Мұғалімге арналған нұсқаулық, 32 бет].
Мектептегі тәжірибе кезінде іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым дей аламын. Өзгеріс дегеніміз – жаңа заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді педагогикалық технологиялар .
Сын тұрғысынан ойлау – креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы. СТО ойлау модуліне қалған алты модулді кірістіруге болады. Тренинг-сабақ бастамас бұрын, психологиялық ахуалды тудыру үшін, «Жақсы тілек», «Әсем күлкі, ақ тілек», «Cмайликтер», «Өрмек торы» жаттығуларын ұйымдастыру оқушыларға жағымды, сын тұрғысынан ойлауға оң әсер етеді.
Ал оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі: диалогтік әдіс. Диалогтік әдістің маңыздылығы өте зор , «Александер(2004) оқытудағы әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес,керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды» делінген нұсқаулықта [Нұсқаулық, 40-бет] Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелі дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Ол субъектіге тартылатын әңгімелесудің үш түрін құрайды: әңгіме-дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме [Нұсқаулық, 40-бет]
Әңгіме-дебат : ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады; ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады; қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай»,«Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады; Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
Кумулятивтік әңгіме : айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі; әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы; идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде: әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады; әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі; қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды; қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»; топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).
Сыныпта қолданған диалогтық әдіс-тәсіл оқушылардың сыныпта әңгіме құруына, басқаны тыңдай білуге, пікір алмасуына, ойын бүкпесіз ашық айтуына, сыни тұрғыдан ойлау элементтері,оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Миға шабуыл шығармашылық ойлау, проблемаларды шешу, шешім қабылдауды көздейтін сабақтарда пайдалы болса, команда құру үшін пайдалы байланыстырушы элемент болып табылады.
Миға шабуылдың табысты өтуі екі басты қағиданың сақталуына байланысты:
Оның біріншісі – синергетика теориясына қатысты. Оның мәні мынада: жеке жұмыс істегенге қарағанда,топ бірлесіп жұмыс істеген кезде, анағұрлым жоғары сапалы идеяларды ұсына алады. Бұлай болатын себебі, жоғары деңгейде өзара іс-әрекет жасау «өзара тозаңдануға» алып келеді, пайдасыз болуына байланысты қабылданбауы мүмкін болған идея пысықталып, талқыға салынып және қолдануға жарамды етіп жақсартылады.
Екіншісінің мәні: топ мүшелері идеяларды тудыру жағдайында болған кезде, сол идеяларға уақытынан бұрын субъективтік баға берілсе, бұл «қызып тұрған» шығармашылық ойлауды тежеуге болмайды.
Оқыту мен оқудағы өзгеріске жетелейтін, оқушыларға қалай оқу керектігін үйрететін бірден бір тәсіл ол - топтық жұмыстарды ұйымдастыру екендігі белгілі болды. Мерсер «құрдастар тобындағы өзара қарым - қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын» көрсетті. [Нұсқаулық, 40-бет]
Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Фактілер бұл үдеріс кезең-кезеңмен өтетінін растап отыр. Айталық, бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың расында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады (1-сурет).
Топ құруда қолданылатын әдістер: түстер, өлен жолдарын құрастыру, геометриялық фигуралар, т.б. Оқушылар берілген әдістерге бейіделе бастаса, мұғалім топқа бөлінудің екінші сатысын қолдана алады, ол оқушылар түстер бойынша бөлініп сол стикердің екінші бетіндегі тапсырмаға сай СТО бөлінеді. Мұғалімнің ой ұшқырлығына қарай топқа құруды өз сабағына сай құрастыра алады.
Сыни тұрғыдан ойлау: бұл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер: ұтқырлық ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, сұрақтар қою, дәлелдерді талап ету, белсенді.
Сыни тұрғыдан ойлаудың көптеген құралдары бар.
«Алты қалпақ», «Миға шабуыл», «Кубизм», «Екі түрлі күнделік», «БҮБ» тб стратегиялық әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Егер де мұғалім өзі сыни ойлай алса, оның шәкіртіде сыни тұрғыдан ойлай алады.
«Джигсо»
Жалпы сипаттама
Бірқатар сұрақтармен жұмыс істеудің құрылымдық әдісі, сонымен қатар ұжымдық жұмысқа ықпал етеді.Сыныпты жоспарлау3-4 адамнан тұратын топтарға арналған контейнерлер бөлме ішінде қойылады. Жұмыс алгоритмі
«Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып,сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі.
• Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.
• Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе төрт тапсырма болады. Сұрақтар немесе
тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.
• Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған оқушылардың барлығы Сарапшы топ деп аталатын жаңа топ құрып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы
болып қалыптасады. Оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға ақтық тапсырма беріледі. Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма болуы мүмкін. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топта болған кезде алған мәліметтерін ескере отырып, бастапқы топтың бірлескен «ақылына» сүйенуін қамтамасыз ету.

АЛТЫН БАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН АКВАРИУМ
Жалпы сипаттама
Идеяларды команда болып ұсынуға, логикалық, сараптамалық сұрақтарды дамытуға, пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Сыныпты жоспарлау
Топқа арналған орындықтар ортада, сыныптың қалған бөлігі тыңдаушылар ретінде отырады.
Жұмыс алгоритмі
Бір топтың барлық сынып алдында өз пікірін білдіргені болмаса, қалған жағдайда «Ыстық орындық» әдісі сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда «отырады», басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме беруді талап ете алады және т.б.Көбірек білу үшін http://www.xpday.org/session_formats/goldfish_bowl
АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ
Жалпы сипаттама
Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс.
Сыныпты жоспарлау
Нақты ештеңе қажет емес.
Жұмыс алгоритмі
Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған) де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді.
Ақылдың алты қалпағы (Де Боно)

1. Алты ойлау қалпағы
Алты ойлау қалпағын Эдвард де Боно әзірлеген, ол әртүрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлау үдерісін көрсетеді.

Ақ қалпақ белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақпен сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.
Қара қалпақ бұл – «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді.

Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

Көк қалпақ ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді.

Ақ қалпақ: деректер мен шынайы ақпаратқа негізделген бейтарап ұстаным
Қызыл қалпақ: болжам, интуиция, ішкі сезімдерге негізделген эмоциялық
ұстаным
Қара қалпақ: «кері» (негатив) дәйектеуге негізделген сыни, сараптамалық
ұстаным
Сары қалпақ: болашаққа сенімге, жағымды (позитивтік) дәйектеуге
негізделген оптимистік ұстаным
Жасыл қалпақ: келешекті, өсу мүмкіндіктері мен жаңа идеяларды
анықтайтын креативті ұстаным
Көк қалпақ: жоспарлы әрекет, нақты ұйымдастыру, бақылау мен міндетті
түрде шешім қабылдауды көздейтін салқынқанды ұстаным.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады


Тақырыбы: “Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру”
Мақсаты: 1. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану арқылы шәкірттердің ойлана білу, шығармашылық қабілеттері артады.
2. Оқушылардың білім сапасын жақсарту, ой - өрісін кеңейту, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
3. Әр баланың өз ойын еркін жеткізе білуге, ізденуге тәрбиелеу.

Әдісі: диалогтық сұрақ - жауап, топтық жұмыс, СТО технологиясы,
интерактивті әдіс.
Күтілетін нәтиже: 1. Шығармашылық қабілеті артады.
2. Өсіп келе жатқан жеке тұлға жан – жақты дамиды.
3. Білім сапасының артуына ықпал етеді.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, плакат, түрлі - түсті қарындаштар,
бағалау текшелері.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту. 1. Суреттерді құрастыру арқылы 4 топқа бөлу, топтастыру. 2. Сәлемдесу.
3. Топ мүшелерін ережемен таныстыру:
1. Тренерге бағыныу
2. Уақытты сақтау
3. Бірін – бірі тыңдау
4. Мадақтау, бағалау
5. Тыныштық сақтау
Жаңа технология әдістерін қолдану - бұл әр баланың жүрегіндегі сезім - талшықтарын, қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын жетілдіру. Баланың тапқан жаңалығын сыртқа шығару, талдау. Қай технологияны сабақта қолдансаң да, осы тұжырымды басшылыққа алу керек. Сонда ғана оқушылардың білім сапасын арттыруға қол жеткізесің.
Инновациялық технология - бұл өзіңіздің әдістемелік жүйең. Яғни, әр мұғалімнің оқыту технологиясы бойынша жылдар бойы жинақтаған іс - тәжірибесінің нәтижесі.
. Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген, психология, педагогиканы терең меңгерген нағыз мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сынып оқушысының бейнесі мынадай болуы тиіс:
Неміс педагогы А. Дистерверг өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»- деген.
Қазіргі мұғалім:
• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Инновациялық білімді дамытатын;
• Жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелетін;
• Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
• Білімді, іскер, шебер болу керек;

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Оның бірі – диалог. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелі дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрену» оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
1-слайд «Көбелек»
2..
2- слайд
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Бағалаудың екі түрі бар. Ол формативті яғни қалыптастырушы, суматифті ол қорытынды баға болып табылады. Оқушыларды мадақтап, үнемі ынталандырып отыру керек. Бағалау техникасының түрлері «Өзін - өзі бағалау», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Жұптық бағалау»
3 - слайд
4. Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану
АКТ - ол мұғалімнің көмекші құралы. Оқушыларда сандық технологияларда құзырлық таныта білулері қажет. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту аса маңызды. Қазіргі таңда білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Та¬лант ол туа біткен қасиет, ал дарын барлық балаларда бірдей бола бермейді. Талантты және дарынды балаларға кеңейтілген тапсырмалар және деңгейлік тапсырмалар беріліп отырады. Қазіргі таңда инклюзивті мектептер ашылып тәжірибе жасалып жатыр. Оқуда сау балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларда бірге оқылады.
4 - слайд
6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.
Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай – ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу, және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы негізінде сипатталады.
5 - слайд

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. Мұғалімнің ұстанымының көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ол көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс - әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдар оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жау-апты бола алады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру бары¬сында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Мұғалімнің үш көмекші құралы бар. Ол бас, қол, жүрек.
Бас - тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар ту¬ралы жеткілікті білім болуын талап етеді.
Қол - жұмыс жүргізу, түзету мен оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдыларымен тәсілдерін білуді талап етеді.
Жүрек - ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады, шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар.
6 - слайд
Мұғалім сұрақ қоюдың өзін жете білу керек. «бастама – жауап - кейінгі әрекет» мұндай жағдайда сыныптағы оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік берілмейді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрті болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады.
Түрткі болу; түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.
Сынақтан өткізу анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдірген, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей құрылуы қажет. «Сіз мысал келтіре аласыз ба?»
Қайта бағыттау сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау « Көмектесе ала-тындар бар ма?» Диалогтік тәсіл арқылы оқушылар сындарлы сөйлеуге, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды, білімге құштарлықты дамытады, зерттеуге ынталандырады, оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.






«Табыс сатысы». Іс-әрекет кезеңдерін бөлуге және тақтада жазуға болады. Сабақ соңында оқушыларға табысқа апаратын баспалдақ түрінде әрбір кезеңде өз жұмысын бағалауын ұсыну.


«Рефлексиялық нысана» техникасы
Тақтаға нысананың суреті салынады, ол екі секторға бөлінеді. Сектордың әрқайсысына параметрлер-қалыптасқан әрекеттің рефлексия мәселелері жазылады. Мысалы, мазмұнын бағалау, сабақты өткізу нысандары мен әдістерін бағалау, педагогтің қызметін бағалау, өз әрекетін бағалау. Қатысушы нәтижені бағалауға сәйкес секторларға белгі қояды: нысана орталығына жақын болса, баға ондыққа жақын, нысана шеттерінде баға нөлге тең. Кейін оған қысқаша талдау жүргізеді.







Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс - тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын.


МИҒА ШАБУЫЛ (BRAINSTORMING)

Миға шабуыл – пікірталастың айрықша еркін түрі. Оның басты қызметі — идеяларды тудыруды қамтамасыз ету, бірақ қатысушылармен ұсынылатын шешімдерді талдау және талқылау емес.

Шығармашылық ойлау ойлау үш сатыдан өтеді:
1. идеяларды тудыру;
2. осы идеяларды бағамдау және талдау;
3. таңдап алынған жағдайға идеяларды қолдану.

Егер әрбір ұсынылатын идеяға қатысты бірден баға берілсе, ұсыныстар тасқынының бірден төмендеуіне алып келетін «сараптамалық дәрменсіздік» деп аталатын жағдай туындайды.
Шығармашылық ойлау, шешімнің барлық болжамды нұсқалары ұсынылғаннан кейін ғана баға беруге мүмкіндік берілген жағдайда ғана өркендеуі мүмкін.

Бұл қағидалар миға шабуыл өткізудің алты ережесіне негіз болды:
1. Ешқандай сынның болмауы
Тек сынға ұшырау қаупі болмаған жағдайда ғана идеялар тасқындап еркін ағылуы мүмкін. Бұл жағдайда сын деген сөз кең мағынада түсініледі: тікелей ұсынысқа қатысты айтылған жағымсыз баға ғана емес, сондай-ақ қайсыбір адамның идеясын жасырын келемеждеу немесе керісінше, оны шектен тыс жақтауды да қамтиды.
Сондай-ақ, қайсыбір адамның үлесін елемеу немесе дене қимылдарымен (иығын көтеру, қасын көтеру және т.б.) сыни көзқарасын көрсете отырып, идеяның құны жоқ деп ишара жасамау маңызды.

2. Идея ұсынуға ынталандыру
«Өзара тозаңдану» болуы үшін жеткілікті идея ұсынылғанына көз жеткізу үшін, топ мүшелері әркімнің үлесі бағалы екенін сезінуі қажет. Ұсыныстардың сапасына емес, олардың санына көңіл бөлінуі тиіс. Бағалау сатысында әркімде кез-келген жеке ұсыныс бойынша өз сезімін білдіруге мүмкіндік беріледі.

3. Қатысушылардың тең құқылығы
Сайып келгенде, әркім өзінің ұсынысы қарауға тұрарлық екенін сезінуі тиіс, сонда бәрінің де өз ойларын ұсынуға ынталы болады. Топтың бір-екі мүшесінің басым болуын болдырмаудың ең жақсы жолы – әр қатысушы кезекпен өз пікірін айтатын жүйе орнату. Бұл тәртіп жұмыс барысын ресмилендіріп, оны баяулатып жіберуі мүмкін, бірақ барлық қатысушы жұмысқа тартылатындықтан, бұның құны тұрады.
Егер топ мүшесі қандай да бір себеппен ұсыныс жасай алмайтын болса, ол бұл туралы айтуы тиіс және де оның бұл пікірі талқылаусыз қабылданады, ал үдеріс жалғаса береді. Егер қатысушылардың ешқайсының басына жаңа идея келмеген сәт туындаса, тренер өз ұсынысы немесе түсініктемесімен топты ынталандыра алады.

4. Еркіндік
Барынша көп ұсыныс жинау үшін, ешқандай шектеу қойылмауы керек. Қаншалықты өрескел немесе іске қатыссыз болып көрінсе де, кез-келген идея қарауға жатады. Бұл дегеніміз мүлдем пайдасыз болып көрінген идея басқа қатысушыда басқа идея туындауына түрткі бола алады дегенді меңзейді.

5. Барлық идеяларды жазу
Жазып отыру – бұл жай ғана маңызды ұсыныстарды тіркеу емес, одан әрі идея өрбіту үшін түрткі алу мүмкіндігі.
Мұның осылай болуы үшін, барлық идеяларды идея авторы қалай айтса, сол сөздермен флипчартқа, тақтаға және т.б. жазу керек. Себебі, ол ойды түзетіп, дұрыстап жазамыз деп жатқанда ойлар тасқыны тоқтап қалып, топтың кейбір мүшелерінің осы жазылғандармен шектеліп қалуына ықпал етуі мүмкін.

!!! ТРЕНЕРГЕ КЕҢЕС
Миға шабуылдың ережесі туралы әңгімелей отырып, топқа үдерісті жалпы сипаттап беру керек.

1. Жаттығудың мақсат-міндеттерін түсіндіруден бастауға болады
"Миға шабуылдың мақсаты — жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі жайлы көбірек ойлануға қалай мәжбүрлеуге болатынын ойлап табу. Бұл тапсырманы сөз немесе сөйлем түрінде тұжырымдап, флипчартқа немесе тақтаға тақырып ретінде жазып қою керек. Содан кейін топқа негізгі ережелерін баяндап, егер қажет болса, оны түсіндіре отырып жаттығудың барысын жеткізу қажет.
Осы кезде идеялар тізімін құрау аяқталған соң кез-келген ұсыныс бойынша пікір айтуға мүмкіндік берілетінін, ал миға шабуыл үдерісі идеяларды бағалау үшін емес, тек оларды туғызуға арналғанын тағы да атап өткен пайдалы.
Егер уақыт шектеулі болса, топқа, айталық, миға шабуылдың бірінші сатысына тек 20 минут берілетінін еске салу керек.

2. Инкубацияға арналған уақыт
Барлық идеялар айтылып болған соң, оларды ойластырып, кез-келген балама әдістерді немесе тізімді толықтыру жолдарын қарастыруға біршама уақыт – бір сағат, күн, апта немесе ай берілуі керек.
Миға шабуыл өткізу кезінде топқа осы негізгі алты ережені хабарлау қажет; оларды барлық уақытта ұстану керек. Біз жұмыс басталар алдында ережелерді жазып алып, көрінетін жерге іліп қоюға кеңес береміз.

МИҒА ШАБУЫЛДЫҢ БАСЫМДЫҒЫ
1. Шығармашылықпен ойлануға ынталандыру
Шығармашылық – үйретуге болатын қасиет емес, идеялар оларды өндірудің жүйеленген тәсілі қолданылатын жерлерде бірден туындай салатын нәрсе емес дегенді жиі естиміз. Бұл салада қолданылатын әдістер аз болса, «Миға шабуыл» құрылымдалған шараларды пайдалана отырып, идея туғызудың сол аз әдістерінің бірі болып табылады. Өйткені миға шабуылдың негізгі ережелерінің өзі оның жоғары тиімділігінің себебі болып табылады.

2. Стандартты ойлаудың сыртына шығу
Өз шығармашылығыңды ынталандыру үшін өзгенің идеясын пайдалану нәтижесінде, оларды бір адам ойлап тапқаннан гөрі көбірек идея алуға болады. Сондай-ақ ұжымдық жұмыс барысында көңілге қонымды идеяны елемей кету немесе оны іске алғысыз ретінде қайтару мүмкіндігі төмендейді.

3. Қарапайымдылық
Миға шабуыл – бұл түсінуге оңай және қолдануға жеңіл әдіс. Ол жоғары технологиялық жабдықтарды немесе ұзақ мерзім бойы оқуды қажет етпейді, ал нәтижелерін бағалау оңай.

МИҒА ШАБУЫЛДЫҢ КЕМШІЛІКТЕРІ
1. Қатысушылардың жоғары ынтамен атсалысуы
Миға шабуыл әдісінің топтың барлық мүшелерінің қатысуын талап етуі - оның артықшылығы да, кемшілігі де. Қатысушылардың белсенді атсалысуы артықшылық екеніне ешкім дау айта қоймас, ал кемшілігі – үдеріске араласу жауапкершілігі қатысушыларға артылатынында. Топ мүшелері ортақ іске үлес қоса алатын идеялары бар екенін сезінген жағдайда ғана миға шабуыл тиімді болмақ. Егер ешкім ұсыныс жасауға дайын болмаса, топ уақытын жайсыз үнсіздікте өткізеді.

2. Үдерістің толық еместігі
Миға шабуыл – проблеманы шешу үдерісіндегі бір саты ғана. Туындаған идеялар, ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қанағаттанарлық болуы мүмкін, бірақ бұл әдістің шынайы артықшылығы сол идеялар іске асырылған жағдайда ғана көрінеді. Яғни, тренер сөзден істің артық екенін және барлығы белгілі бір шешім немесе идеямен келіскен бойда оны іске асыра бастау керектігін атап көрсетуі тиіс.

ҚОЛДАНЫЛУЫ

Мұғалімдердің рөлі
Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет,
сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек.
Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол
жеткізуге ықпал етулері керек.
Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін және нені білу
жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен
қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға
олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.
Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға
ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін,
мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек.
Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі жайлы және
оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек.

5-сурет. Дағдыларды дамыту үдерісі
Әлеуметтік өзара әрекеттестік дегеніміз не?
Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды
қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді
бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара
сыйластыққа және түсіністікке келеді.
Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды
•4-6 оқушыдан тұратын топ
топтық жұмыстың көптеген
түрлерінде және топта бір
оқушының үстемділігін
әлсірету үшін тиімді.
•Топ мүшелерінің
кейбіреулері үшін аз жұмыс
істеуге көп мүмкіндік
береді.
•Тыныш, салмақты оқушылар
жұмысқа аз қатысқысы келуі
мүмкін.
Шағын
топтар
•Жұп болып жұмыс істеу
жоғары деңгейлі
тапсырмаларды берлесе
орындауда (мысалы,
шешім қабылдауда,
мәселелерді шешуде)
және құрбы-құрдастарын
оқыту үшін тиімді.
Жұптар
•7-10 оқушыдан құралған үлкен
топтар мәселені талқылау
барысында көптеген көз-қарастарды қарастыру
мақсатында тиімді болуы
мүмкін.
•Топ мүшелері көп болған сайын
ондағы жұмысты ұйымдастыру,
жоспарлау, рөлдер мен
арадағы қарым-қатынас және
сөз сөйлеу қиындайды.
Үлкен
топтар
Әлеуметтік өзара
әрекеттестік
Қарым-қатынас Мәселелерді шешу




СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ

Сыни тұрғыдан ойлау
Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:
• Айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік;
• Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;
• Басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу;
• Идеяларды сынау және «шындықты» іздеу.

Балаларға негізделген, әділ сыни тұрғыдан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен үлгілеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту мыналар туралы негізді бағалауға үйрету дегенді білдіреді:
• Қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет.
• Қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керек.
Бенджамин Блумның және басқалардың жұмысының шеңберінде сыни тұрғыдан ойлау оның жіктеуіндегі ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.

2. Ойшылдардың шартты белгілері
Тони Райан жасаған ойшылдардың шартты белгілері бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет кешені болып табылады.
Бастапқы бірқатар сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдамалық, сыни және креативтік ойлау қабілетін ашу үшін шартты белгілер ретінде ұсынылған.
• Кері өзгеріс – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдаланыңыз, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».
• Егер де – «егер де» деген сұрақты қойыңыз және олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.
• Әліпби – берілген тапсырмаға қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
• АҚА – аббревиатура А=артық, Қ=қосу, А=алып тастау, тиісті сабақты жоспарлайды.
• Құрылым – шектеулі мөлшерді креативтілікпен пайдалануды талап ететін проблемаларды шешу жөніндегі тапсырма.
• Кемшіліктер – нақты бір пән немесе практикалық сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.
• Әртүрлі пайдалану – күнделікті объектілерді әртүрлі жағдайда пайда-лану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
• Қиыстыру – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.
• Жөнсіздік – ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, со¬дан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.

3. Сананың әдеттері
Сана әдеттерін әзірлеген Арт Коста былай деген екен: «Сана әдеттері» - шешімдері бірден туындамайтын проблемаларға тап болғанда ақылды адам жасайтын іс-әрекеттердің сипаттамалары болып табылады.
Олар көптеген дағдылардан, қарым-қатынас пен бейімділіктерден тұрады, солардың ішінде:
• Құндылық: Өнімділігі шамалы үлгілерге қарағанда, зияткерлік мінез-құлық үлгісін қолдану.
• Ауытқу: Зияткерлік мінез-құлық үлгісін пайдалану үдерісін сезіну арқылы.
• Сезімталдық: Мінез-құлық үлгісін пайдалану мүмкіндіктерін және оның орындылығын қабылдау
• Мүмкіншілік: Мінез-құлықты жүзеге асыру үшін негізгі дағдылар мен мүмкіншіліктерді меңгеру.
• Жағдаят: Зияткерлік мінез-құлық үлгісінің өнімділігін ойластыруға және жақсартуға ұдайы ұмтылу арқылы.

Сананың 16 әдеті бар:
1. Табандылық
2. Басқарушы албырттық
3. Басқаларды тыңдау – түсіністікпен және тілектестікпен
4. Ойлау икемділігі
5. Ойлау үдерісіміз туралы ойлау – метатанымдылық
6. Дәлдік пен шынайылыққа ұмтылу <