12
декабрь
2022
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты онкүндікті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар
Мектебімізде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты онкүндікті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік!» атты мектеп әкімшілігі түнгі рейд ұйымдастырды. Мектеп психологі Г.К.Искакованың ұйымдастыруымен «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы!», «Кімге жүгіну керек?», «Балалық шақ қорғалуда» атты кітапшалар, жаднамалар таратылып, «Балаларға көрсетілген зорлық-зомбылықты қалай түсінемін» атты анонимді сауалнама алынып, бастауыш сыныптары арасында «Балалық шақты бірге қорғайық!» атты тренинг өткізді. «Оқушылардың құқықтары мен міндеттері» атты ауыл инспекторымен кездесу ұйымдастырылды. Барлық сыныптарда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты тәрбие сағаттары өтті.