11
сентябрь
2026
«Отбасы – құндылықтар мекені» тақырыбында сынып сағаттары
Мектебімізде Отбасы күніне орай «Отбасы – құндылықтар мекені» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.🎯 Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға отбасы ұғымының мәнін түсіндіру, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру, ата-ананы сыйлауға, үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
🎨 Сынып сағаты барысында оқушылар отбасы туралы әңгімелесіп, өз отбасыларының суретін салды. Сонымен қатар түрлі қызықты тапсырмалар орындап, отбасы мүшелерінің арасындағы мейірім, қамқорлық пен сыйластықтың маңызын түсінді.
❤️ Отбасы – әр баланың қуанышы мен жылуы тоғысқан ең қымбат мекен!
#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Жарма
#Otbasym2026