01
сентябрь
2026
«Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары



1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын! 📚✨Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары барысында оқушылар Конституцияның маңыздылығы, азаматтық жауапкершілік, елжандылық және қоғамдағы әр адамның міндеті туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар сынып жетекшілері оқушыларға қауіпсіздік ережелері туралы жадынамамен таныстырып, оқу жылындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
#адал_азамат_абай_облысы_жарма