Іс-шаралар » Страница 9 » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Дене сергіту" челленджі
08
сентябрь
2023
"Дене сергіту" челленджі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Тоғыз айдағы 9 іс-шара» тұжырымдамасымен білім беру ұйымдарында бірыңғай тәрбие және спорттық-сауықтыру іс-шараларының өткізілу аясында 8 қыркүйек күні білім алушылардың дене белсенділігін арттыру мақсатында республиканың барлық елді мекендерінің білім беру ұйымдарына «Дене сергіту» челленджі ұйымдастырылды.
Мектепке жол
01
сентябрь
2023
Мектепке жол
"Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы аясында "Ерболат" жеке шаруақожалығының демеушілігімен  көпбалалы және толық емес отбасынан шыққан 2 оқушыға 20000 теңге көлемінде сабаққа қажетті сөмке мен оқу-құралдары табысталды.
Жазғы лагерь
18
июль
2023
Жазғы лагерь
"Балауса" жазғы демалыс лагерінде "Туған жерге саяхат" атты іс-шара өтті.Оқушыларды өздерінің туған жерлеріне саяхатқа апардық. Мақсаты:оқушылардың танымдық қасиетін дамыту,табиғатпен тығыз байланысын арттыру,сауықтыру.
Республикалық шахмат ойыны челленджі
12
апрель
2023
Республикалық шахмат ойыны челленджі
#шахматычеллендж 2023 жылғы 12 сәуір күні сағат 12.00-де Қарасу орта мектебі республикалық шахмат ойыны челленджіне қатысты. Аталған іс-шараға оқушылар және мұғалімдер командалары қатысты.   Челлендждің мақсаты –  шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту. 
«Туберкулез жұқпалы дерт»  атты дөңгелек үстел
18
март
2023
«Туберкулез жұқпалы дерт» атты дөңгелек үстел
Мектебімізде 24 наурыз «Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні» қарсаңында "Біз туберкулезді жеңе аламыз!» атты ұранмен 5-11 сынып оқушылары арасында мектеп медбикесі А.А. Канапиянованың ұйымдастыруымен « Туберкулез жұқпалы дерт»  атты дөңгелек үстел өткізілді.  
Қамқоршылық кеңес отырысының Бірыңғай күні
16
март
2023
Қамқоршылық кеңес отырысының Бірыңғай күні
2023 жылдың 16 наурызынды Кіші Қарасу ауылдық округінің ғимаратында сағат 17:00-де Қамқоршылық кеңес отырысының Бірыңғай күнін өткізу бойынша Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. 
"Шәкәрім Құдайбердіұлы - Ұлы тұлға" атты  ақынның 165 жылдығына орай ашық тәрбие сағаты
17
февраль
2023
"Шәкәрім Құдайбердіұлы - Ұлы тұлға" атты ақынның 165 жылдығына орай
17 ақпан күні 6 сынып жетекшісі А.М.Кныбаеваның ұйымдастыруымен "Шәкәрім Құдайбердіұлы - Ұлы тұлға" атты  ақынның 165 жылдығына орай ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар ақынның шығармашылығымен танысып, өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтып, өзіне ұнаған шығармаларынан үзінді оқып, деректі фильм тамашалап, сабақты ақынның әнімен аяқтады.
"Қауіпсіз интернет-қауіпсіз болашақ"
16
январь
2023
"Қауіпсіз интернет-қауіпсіз болашақ"
Мектебімізде 16 қаңтар күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.