Іс-шаралар » Страница 5 » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты онкүндікті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар
12
декабрь
2022
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты онкүндікті ұйымдастыру бойынша
Мектебімізде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты онкүндікті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары құрылды.  Жоспарға сәйкес «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік!» атты мектеп әкімшілігі түнгі рейд ұйымдастырды. Мектеп психологі Г.К.Искакованың ұйымдастыруымен «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы!», «Кімге жүгіну керек?», «Балалық шақ қорғалуда» атты кітапшалар, жаднамалар таратылып, «Балаларға көрсетілген зорлық-зомбылықты қалай түсінемін» атты анонимді сауалнама алынып,
“БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ” АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНКҮНДІК АЯСЫНДА
18
ноябрь
2022
“БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ” АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНКҮНДІК АЯСЫНДА
педагог-психолог Г.К. Искакова 8-11 сынып оқушылары арасында “Стресс және дағдарыс” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Стресс туралы түсінік беру арқылы позитивті ойлауды дамыту;  Стресстің адам денсаулығына кері әсерін ұғындыру және тренинг — жаттығулар арқылы стресстен шығу жолдарын көрсету;  Стресстен арылуға психологиялық кеңес беру.
"Бала құқығы-адам құқығы" психолог Г.Қ. Искакова
12
ноябрь
2022
"Бала құқығы-адам құқығы" психолог Г.Қ. Искакова
Ағымдағы айдың 11 күні “Бала құқығы-адам құқығы” атты Республикалық онкүндік аясында, мектебіміздің педагог-психологы Г.К. Искакова 9-11 сынып оқушылары арасында “Кибербуллинг” тақырыбында дәріс сабақ өткізді. Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Оқушылар ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.  
“Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және физиологиялық зорлық-зомбылық” тақырыбында дәріс сабақ
10
ноябрь
2022
“Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және физиологиялық
“Бала құқығы-адам құқығы” атты Республикалық онкүндік аясында, мектебіміздің педагог-психологы Г.К. Искакова 5-6 сынып оқушылары арасында “Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және физиологиялық зорлық-зомбылық” тақырыбында дәріс сабақ өткізді. Мақсаты: Зорлық -зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндіру. Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер
Күзгі демалыс: “Жол ережесін сақтау, қауіпсіздік кепілі”
08
ноябрь
2022
Күзгі демалыс: “Жол ережесін сақтау, қауіпсіздік кепілі”
Күзгі демалысты ұйымдастыру бойынша, бастауыш сынып мұғалімі Б.Н. Байсадыкова 2-3 сынып оқушылары арасында “Жол ережесін сақтау, қауіпсіздік кепілі” атты тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы: "Дауыстап оқу " 2-3 сынып
04
ноябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы: "Дауыстап оқу " 2-3 сынып
4 қараша күні "Оқуға құштар мектеп "жобасы аясында кітапханашы Г.С.Токтабаеваның ұйымдастыруымен Ғабиден Мұстафиннің 120  жылдығына орай "Дауыстап оқу " 2-3 сыныптар арасында өткізілді. Мақсаты:Жазушының өмірбаяны туралы мәлімет берілді. Дауыстап оқу көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.Оқушылардың  кітапқа  деген  қызығушылықтарын арттыру.
Алтын күз
11
октябрь
2022
Алтын күз
Мектебімізде химия, биология пәнінің мұғалімі Ш.А.Садиеваның ұйымдастыруымен 1-9 сыныптары арасында «Алтын күз» мерекесі өтті. Бекітілген жоспар бойынша төмендегідей кезеңдерден тұрды: өнер сайысы, көрме, сән үлгісі, мерекелік дастархан. Сайыстың нәтижесі бойынша «Үздік көрме», «Шебер», «Сәнқой», «Өнерлі»  атты номинациялармен үздік шыққан сыныптар марапатталды.  
"Қалдырған ізің мәңгілік" атты мерекелік тізілі
30
сентябрь
2022
"Қалдырған ізің мәңгілік" атты мерекелік тізілі
Мектеп парламенті оқушыларының ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай ,"Қалдырған ізің мәңгілік" атты мерекелік тізіліс өтті
Мектеп парламент президентін сайлау күні
22
сентябрь
2022
Мектеп парламент президентін сайлау күні
Мектебімізде 22 қыркүйек күні бірыңғай Мектеп парламент президентін сайлау күні өтті. Сайлауға оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. Нәтижесінде 9 сынып оқушысы Батырхан Әкежан жеңіске жетіп, мектеп парламентінің президенті болды.  #Балаларжылы #Годдетей #өзін_өзібасқару #школьное_самоуправление #rumcdo_official
Отбасы күні
09
сентябрь
2022
Отбасы күні
Мектебімізде отбасы күніне орай "Отбасы - бақыт мекені", "Отбасы тәрбие бастауы", "Отбасы -ұлттың тірегі", "Менің отбасым" атты барлық сыныптарда тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мақсаты: отбасы мүшелері арасындағы мейірімділік, жанашырлық, сүйіспеншілік, бауырмалдық қасиеттерін нығайту.